Ауғанстанда ғаламшардың ең қарт әйелі көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанда ғаламшардың ең қарт әйелі көз жұмды

Ауғанстанда ғаламшардың ең қарт әйелі көз жұмды

Ауғанстанда 136 жастағы Хасано есімді ғаламшардағы ең қарт әйел көз жұмды.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 328
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды. Вардак ауған елді мекені губернаторының баспасөз хатшысы әрі аталмыш әйелдің немересі Шахидулла Шахедтің сөзіне қарағанда, кейуана сенбі күні Нангархар провинциясы Пачиргам уезінің Ландахейль ауылында жерленді.

Баспасөз хатшының мәліметтеріне қарағанда, «Хасано ислам дінін тануға және оның қағидаттарын ұстануға бар өмірін арнаған. Ол өмірінің соңғы жылдарында жасына қарамастан 5 уақыт намаз оқып отырды», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ең ұзақ жасаушы рекордын 1997 жылы 122 жасында бақилық болған француздық әйел Жанна Кельман орнатқан болатын.