Ауғанстанда көз жұмған қазақстандық бизнеспен айналысқаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанда көз жұмған қазақстандық бизнеспен айналысқаны анықталды

Ауғанстанда көз жұмған қазақстандық бизнеспен айналысқаны анықталды

Қазақстан азаматы Кабулге ауған компаниясының шақыртуымен барған

Бұл туралы

  • 22 Қаңтар 2018
  • 141
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Ауғанстанда қонақ үйге шабуыл кезінде көз жұмған қазақстандық астаналық бизнесмен болған, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов.    

"Ол 1978 жылы туған Астана тұрғыны болып шықты. Бизнеспен айналысқан. Ауғанстанға коммуникация саласында жұмыс істейтін ауған компанияларының бірінің шақыруы бойынша іскерлік мақсатта барған. Қазір біздің дипломаттар ауған қызметтерімен бірлесіп мәйітті Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр", — деп түсініктеме берді Жайнақов. 

Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, қаза болған қазақстандық өткен жылдың қазан-қарашасынан бастап Ауғанстанда болған. Нақты мәліметтер анықталып жатыр. Ведомство мамандары марқұм Қазақстан елшілігінің консульдық есебінде тұрмағанын атап өтті.  

Өткен сенбі күні кешкісін қаруланған содырлар Intercontinental Hotel қонақ үйіне басып кірген. БАҚ-тың мәліметінше, 18 сағатқа созылған шабуыл салдарынан кем дегенде 43 адам ажал құшқан. 126 адам құтқарылды, оның 41-і шетелдіктер. 


 

#көз жұмған