Мұхаммед Хашем Уатанвал, Үзген провинциясы парламентінің мүшесімен бірге кешкі аста отырғанда бастан аяқ қаруланған екі адам үйге басып кіріп, оқ жаудырыпты. Қастандықтан екі шенеунік те көз жұмды. Тағы бір сақшы атыс кезінде мерт болған. Артынан қорғаныс күштерінің әскері қаруланған қос адамның көзін жойды. Кеңесшіге қару кезенгендерін Талибан қозғалысы мойындап отыр. Айта кетейік, осыдан тура бір апта бұрын Ауғанстан президентінің туған інісі, Қандағар провинциясының басшысы Ахмет Уәли Карзай да осы тәліптердің қолынан көз жұмған.