Ауғанстанда содырлар 8 жасар баланың көмегімен лаңкестік әрекет ұйымдастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанда содырлар 8 жасар баланың көмегімен лаңкестік әрекет ұйымдастырды

Ауғанстанда содырлар 8 жасар баланың көмегімен лаңкестік әрекет ұйымдастырды

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Урузган уәлаятында бомба жарылысының салдарынан 8 жасар қыз бала қаза тапты.

  • 27 Маусым 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

Содырлар баланы «тірі бомба» ретінде пайдаланған болып шықты, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Елдің ішкі істер министрінің айтуынша, содырлар қыз баланың қолына ішіне жарылғыш зат салынған түйіншекті ұстатып, оны полиция учаскесіне апарып беруді талап еткен. Ештеңеден күдіктенбеген бала дорбаны полицейлерге апарып берген.

Бомба қашықтықтан басқару жүйесінің көмегімен іске қосылып, лаңкестік әрекеттің салдарынан қыз бала қаза тапқан. Басқа кісі құрбандығы жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Ауғанстанның Құндыз уәлаятындағы Ханабад елді мекенінде ірі лаңкестік әрекет орын алды. Велосипедке мінген жанкешті адам көп жиналған базардың ортасында өзін-өзі жарып жіберіп, оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Тағы 24 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, олардың қатарында бес әйел және бір полиция қызметкері бар.

Соңғы жаңалықтар