Жарияланды: 270

Ауғанстанда жер сілкінді

Ауғанстан аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды қазақстандық Ұлттық мәліметтер орталығының баспасөз қызметінен.

ҚР Ұлттық ядролық орталығынан келіп түскен жедел мәліметтерге сәйкес, 2012 жылдың 28 қазанында астана уақыты бойынша сағат 18:11-де (Гринфич бойынша сағат 12:11-де) Ауғанстан аумағында жер сілкінісі болды. Оның ошағының координаттары: солтүстік ендіктің 36.55 градусы, шығыс бойлықтың 71.19 градусы. Магнитудасы - mb=4.9. Энергетикалық класы K=12. тереңдігі - h=210 шақырым.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін