Ауғанстанда жер сілкінісінен қанша адам қаза тапқаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанда жер сілкінісінен қанша адам қаза тапқаны белгілі болды

Ауғанстанда жер сілкінісінен қанша адам қаза тапқаны белгілі болды

«Талибан» өкілдерінің мәліметінше, Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясындағы қуатты жер сілкінісі салдарынан 2053 адам қаза тауып, 9

  • 8 Қазан 2023
  • 318
Фото - Caravan.kz

«Талибан» өкілдерінің мәліметінше, Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясындағы қуатты жер сілкінісі салдарынан 2053 адам қаза тауып, 9 мыңнан астам адам жарақат алған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің батысында сенбі күні болған 6,3 балдық жер сілкінісі соңғы 20 жылдағы ең жойқын зілзала болды.

Елдің табиғи апаттар министрлігінің ресми өкілі, молда Джанан Саиктің Reuters агенттігіне айтуынша, жер сілкінісінен 2053 адам қаза тауып, 9240 адам жарақат алған. 1329 үй ішінара зақымданған немесе қираған.

Құрбан болған 200-ден астам адамның денесі түрлі ауруханаларға жеткізілді. Олардың көпшілігі — әйелдер мен балалар.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, зілзала ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырымдай (25 миль) жерде болған. Одан кейін магнитудасы 6,3, 5,9 және 5,5 өте қуатты үш жерасты дүмпуі болды, деп хабарлайды AP.

Ақпарат және мәдениет министрлігінің өкілі Абдул Вахид Райанның айтуынша, провинцияда шамамен алты кент қирап, жүздеген тұрғын үйінді астында қалды.

Герат қаласында түске таман кем дегенде бес күшті жерасты дүмпуі болды, дейді жергілікті тұрғындар.

Ауғанстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, зардап шеккендерді ауруханаларға эвакуациялау үшін Герат провинциясының Зенда Ян ауданына 12 жедел жәрдем көлігі жіберілді.

Провинцияда телефон байланысы үзіліп, зардап шеккен аудандардан толық ақпарат алу қиынға соқты.