Ауғанстандағы еліміз өнімдеріне деген сұранысты анықтау үшін ҚР үкіметі осы елге арнайы комиссия жібермек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстандағы еліміз өнімдеріне деген сұранысты анықтау үшін ҚР үкіметі осы елге арнайы комиссия жібермек

Ауғанстандағы еліміз өнімдеріне деген сұранысты анықтау үшін ҚР үкіметі осы елге арнайы комиссия жібермек

Ауғанстандағы еліміз өнімдеріне деген сұранысты анықтау үшін ҚР үкіметі индустрия және сауда вице-министрлерінің бірі басқарған арнайы комиссияны осы елге жібермек. Бұл туралы индустрия және сауда вице-министрінің міндетін атқарушы Ғалым Оразбақов бүгін, 18-маусымда KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 18 Маусым 2003
  • 558
Фото - Caravan.kz

Ғ.Оразбақовтың айтуынша, комиссия Ауғанстанға тіпті 2003-жылдың сәуір айында жіберілуге тиіс болатын, алайда ондағы тұрақсыздық салдарынан сапар мерзімі кейінге шегеріліпті. Топ құрамына еліміздің әртүрлі министрлік және коммерциялық кәсіпорындар өкілдері қамтылады деп күтілуде.

Халықаралық ұйымдар Ауғанстанға қолұшын беру, осы елдің ұлттық экономикасын көтеруге бағытталған жоспарларын таяу уақыттарда қолға алмақ ниетте екенін Ғ.Оразбақов еске салды. Осыған байланысты бұл елде Қазақстанда өндірілген көптеген өнім түрлеріне деген үлкен сұраныс туындайтыны даусыз. Осы орайда Ғ.Оразбақов ҚР үкіметі ауған рыногін еліміз экономикасы үшін болашақ тиімді рынок деп санайтынын ерекше атады.

Соңғы жаңалықтар