Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін оның бейтараптығын қамтамасыз етуіміз керек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін оның бейтараптығын қамтамасыз етуіміз керек

Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін оның бейтараптығын қамтамасыз етуіміз керек

Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін оның халықаралық бейтараптығын қамтамасыз ету керек, деп ауған зерттеулері орталығының директоры Әзиз Арианфар мәлім етті.

  • 8 Маусым 2011
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Ауғанстан ресми түрде бейтарап мемлекет болуы тиіс. Ондай болмайынша дағдарыс мәңгі жалғаса бермек. Тарих көрсетіп отырғандай, Ауғанстан бейтараптығынан айрылған бойда ол бірден тығырыққа тіреледі», — деді Ә. Арианфар сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «Талибан» қозғалысын толығымен жеңу үшін 350 мың әскер қажет. Ешқандай да мемлекет мұнша контингентті Ауғанстанға енгізбейді. Демек, Ресей, Қытай, АҚШ пен Еуропалық одақтың қатысуымен шиеленісті шешудің саяси жолын іздестіру керек, деп есептейді сарапшы.

«Хамид Карзайдың қазіргі режимі ел ішінде қолдауға ие болмағандықтан тұрақсыз. Шетелдік күштерді елден әкетісімен президент елден кетеді. Бірақ АҚШ келешекте әскерлерін толығымен алып кететін емес. Олар аймақтағы өздерінің базасын Ауғанстанда сақтап қалмақшы», — деп өз кезегінде Ахмад Шах Масуд қорын құрушы Ахмад Вали Масуд мәлім етті.

Бірақ АҚШ-тың «Талибанды» жою ниеті де жоқ, деп есептейді ол.

«Егер америкалықтар шынымен де ол қозғалысты құртқысы келген болса, онда олар оны әлдеқайда істеген болар еді», — деді А. Масуд.

Соңғы жаңалықтар