Ауғанстанның бірінші вице-президенті Ресейден әскери көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанның бірінші вице-президенті Ресейден әскери көмек сұрады

Ауғанстанның бірінші вице-президенті Ресейден әскери көмек сұрады

Солтүстік Ауғанстанда ұзақ уақыт бойы әскери іс-қимылдарға қатысып, Кабулға оралған Ауғанстанның бірінші вице-президенті, генерал Абдул Рашид Дустум Ресейден ауған қауіпсіздік күштеріне әуе және әскери техника беруін сұрады.

  • 2 Қыркүйек 2015
  • 413
Фото - Caravan.kz

Дүйсенбі күні кешке Кабулдағы баспасөз конференциясында сөз сөйлеген генерал А.Дустум «Ресей басшылығының үндемей қалмауы тиіс» екенін мәлімдеді.

«Біздің қауіпсіздік күштеріміз ұшақ, тікұшақ және басқа да қарулы техникаларға мұқтаж. Көп қаруымыз Ресейден әкелінген. Олар (Ресей) біздің қауіпсіздік күштерімізге көмектесуі керек», — деді Ауғанстанның бірінші вице-президенті.

Бұдан басқа, А.Дустум «Ислам мемлекеті» ұйымы мәселесін сөз етіп, радикалдардың тек Ауғанстанға емес, бүкіл аймаққа қауіп төндіріп отырғанын айтты. Оның айтуынша, Ауғанстан — ИМ-нің жоспарына кіріп отырған жалғыз ел емес. «Егер олардың жоспарларына тек Ауғанстан кірсе, «Ислам мемлекетінің» қатарында өзбектер мен шешендер не істеп жүр. «Даиш» (ИМ-нің арабша атауы) Кавказ, Ресей және Орталық Азияны басып алуы мүмкін. Сирия мен Ирактың қалай қирап жатқанын қараңыз, олар Орталық Азияның қауіпсіздігін де тұрақсыздандырғысы келіп отыр», — деп атап өтті генерал А.Дустум.

Ауған күштерінің елдің солтүстігіндегі арнайы іс-қимылдарын сөз ете отырып, А.Дустум әскерлердің Фарьяб және Сар-э-Пул провинцияларын тазартып үлгеріп, енді Кабулдың аталған аудандарда тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыратынын атап өтті.


Бұған дейін ағымдағы жылдың тамыз айында генерал Абдул Рашид Дустум солтүстіктегі Фарьяб провинциясында экстремистерге қарсы арнайы іс-қимылдарды басқарған. Ауған БАҚ-тары АИМ-нің бірінші вице-президентінің өміріне екі рет қастандық жасалып, «Талибан» тобы содырларының тосқауылы ұйымдастырылғанын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар