Ауқымды жұмыс атқаруға мүмкіндік болған жоқ – Су министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауқымды жұмыс атқаруға мүмкіндік болған жоқ – Су министрі

Ауқымды жұмыс атқаруға мүмкіндік болған жоқ – Су министрі

Бүгін Үкімет отырысынан кейін су тасқынына байланысты баспасөз мәслихатын өтті

  • 2 Сәуiр
  • 30
Сурет - Адырна порталы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Адырна»-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жиында Су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке «Сізді Жамбыл облысы әкімі болғаннан бері жақсы білеміз. Ол жақста да өзіңіз іскер әкім ретінде көріне қойған жоқсыз. Су министрі ретінде лауазымды қызмет атқарып жатырсыз. Кеше президенттен сөгіс естідіңіз. Сіз өзіңізді Су минитсрі болуға лайықтымын деп есептейсіз бе?» деген сұрақ қойылды.

«Өзіңіз дұрыс айттыңыз. Бүгінгі күні Президент тарапынан тәртіптік жауапкершілікке тартылдық. Ары қарай осы жұмысқа лайықты немесе лайықты емес екенімді Президент шешім қабылдайды. Біз жұмысты қалай атқарып жатқанымызды Президент бағалайды.
Бүгінгі күні министрліктің жұмысы төтенше жағдайға байланысты оның салдарын жоюға бағытталып отыр. Алты айдың ішінде біз құқықтық базаны қалыптастырдық. Бүгінгі әр жергілікті атқарушы органмен қандай жұмыстарды атқаруымыз керек, қандай көлемде екені жайлы жоспарларымыз бар. Алты айдың ішінде сол ауқымды жұмыстарды атқаруға ешқандай мүмкіндік болған жоқ. Қыркүйек айынан бастап осы бүгінгі күнге дейін мүмкіндік болмады.
Бүгінгі күні 20 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Мен баяндамда айтып кеткендей, 9 су қойманың жобалаушы жоспарлары дайындалып жатыр. Алтауы бірінші жарты жылдықта дайын болады. Одан бөлек 15 қорғаныста бар гидротехникалық құрылғылардың қайта жөндеу жұмыстарын қарастырып жатырмыз. Осы жұмыстардың арқасында 134 елді-мекеннің жалпы халықтың саны екі жүз мың асатын су қоймасының қауіпін төмендетуге мүмкіндік береді. Әрине, оған уақыт керек. Сол жұмыстарды жеделдетуге күш салып жатырмыз», – деді ол.