Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Министрдің халыққа есеп беру кездесуінде қала тұрғыны Валентина Волошина сұрақ қойды.
"Көп жылдан бері полицияға қоғамдық көмек көрсетушімін, аулада белсендімін. Мен ең ыңғайсыз аулада тұрамын. Интернеттен біздің аулада бір жыл ішінде төрт мәрте зорлау оқиғасы болғанын және бір рет кісі өлтіру дерегі тіркелгенін білдім. Қуыс аула, онда Шәкен Айманов көшесіндегі жатақханалар орналасқан. Көп жыл бойы бейнебақылау камерасын орнатуды сұрап келдік, сәуірде әйтеуір орнатты, бірақ олар іске қосылмады. Ал таяуда балалар алаңы жасалды. Енді ол жақта түнде сыра ішетіндер көбейді, патрульдік полиция келіп, оларды қуып жүреді. Баласы бар әйелдер де арақ ішіп жүреді, олармен қалай күреспекпіз. (…) Бізде алкоголь ішіп қана қоймайды, жыныстық қатынасқа да түсетіндері бар, мүшеқап тастап кетеді. Таңертең шықсаң, қарай алмайсың аулаға. Учаскелік полицейлер бұған қарамайды. Таңертең тұрсаңыз балалар алаңы емес, қоқыс төгетін жер сияқты", — деп шағымданды астаналық әйел.
Министр қала билігінен бұл мәселені шешуді сұрады.
"Осы мәселе бойынша мәселеңізді түсініп отырмын. Бізде сондай аулалар бар. Барлық аулаға патрульдік полиция қоя алмаймыз. Бұл мәселені тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен жергілікті атқару билігі шешеді. (…) Сұрағыңызға рақмет. Мұнда қала билігінің өкілдері бар ма? Мәселені шешіңіздер. Бұл ауланы бақылауға алыңыздар", — деді Қасымов.
Оқи отырыңыз:
Екі аяқты балықтарға барып жүр екенсіз: Әйелі Қайрат Нұртасқа ренішін айтты
Алматыда отадан кейін көз жұмған балаға қатысты сұмдықтың беті ашылды
Мәскеуде қазақ тіліне арналған дөңгелек үстел өтті