Жарияланды: 400

Ауласына мешіт пен шіркеуді қатар тұрғызған тұрғынның әрекеті дін басшыларының наразылығын тудырды

Өскеменде үйінің ауласына мешіт пен шіркеуді қатар тұрғызған әйелдің алдында жергілікті билік те, дін басшылары да қауқарсыз. Бүгін өңірдің бас имамы мен православ шіркеуінің басшылары бұл нысандардың көзін жою керек деп ескерту жасады. 

Өз үйінің ауласына мешіт пен шіркеу тұрғызып алған Ольга Малашенко онда дұға жасағандары үшін тұрғындардан ақша алып отырады екен. Дәстүрлі дін өкілдері, Малашенко бұл әрекетімен екі негізгі дінді бірдей қорлап отыр,- дейді. Қос ғимарат еш рұқсатсыз салынған. Мұндай құрылыстарға заң қатал болғанымен, бұл әйелге қатысты ешкім шара қолданбай отыр. Оған бірнеше рет екі нысанды қирату турасында айтқан өтініштері ескерусіз қалған. Алдына келгендердің барлығын үй иесі Астанадағы көкесіне қарай сілтейді екен.

Нұрлан қажы Асанов, Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің бас имамы:

- О кісі маған Астанадан рұқсат беру керек, менің Астанадағы өз қолдаушым бар, сол кісі маған осыны салуға рұқсат берген және қаржылай көмектескен, сол мүдделі адам рұқсат берсе ғана алам деді. Жалпы біздің бүгінгі келуіміз жемісті болды. Егер Астанадағы аға-көкелері рұқсат берсе біз бұларды бұзуға оған көмектесеміз дедік. Бірер күнде ол жауабын беруі керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін