Әулие ата әуежайынан Мәскеу, Үрімші, Шарж, Ташкент қалаларына халықаралық жаңа әуе рейстері ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әулие ата әуежайынан Мәскеу, Үрімші, Шарж, Ташкент қалаларына халықаралық жаңа әуе рейстері ашылады

Әулие ата әуежайынан Мәскеу, Үрімші, Шарж, Ташкент қалаларына халықаралық жаңа әуе рейстері ашылады

2013 жылы Тараздағы Әулие ата халықаралық әуежайында жаңа жолаушылар терминалы салынып, ұшу-қону алаңы қайта жаңартылады.

  • 9 Қараша 2012
  • 566
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы кеше М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өткен «Тараз инвест-2012» форумында мәлім болды.

«Әулие ата халықаралық әуежайы қазір жекеменшікте. Бірнеше жыл бұрын Жамбыл облысының атқару органдарының келісімі бойынша оны «SCAT» әуе компаниясы алған. Әуежайдың инфрақұрылымы қиын жағдайда. Оған бағалау жасалды. Әуежайды қайта құруға әуе компаниясының шамасы келмейтін болған соң, ұзақ пікірталастан кейін Үкіметте арнайы шешім қабылданды. Келесі жылғы бюджетте оған 400 милллиондай теңге қарастырылып отыр. Қазір бұл заң жобасы Парламент қарауында, егер Елбасы заңға қол қойса әуе компаниясы ұшақтардың ұшып-қону алаңын мемлекетке тегін береді», — дейді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев. Оның айтуынша, ондай жағдайда 2013 жылы толық қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Әуе компаниясы өзіне ақпан-наурыз айларынан жаңа жолаушылар терминалы құрылысын салуды бастап, оны тамыз-қыркүйек айларында аяқтауға міндеттеме алып отыр. Ал көлік және комуникация министрлігінің тендерінен кейін күзде терминал мен ұшып-қону алаңындағы қайта құру жұмысы толық аяқталмақ.

Қ. Бозымбаевтың сөзіне қарағанда, ұзақ мерзімдік жоба бойынша болашақта бұл әуежай жүк тасымалы хабы болмақ. Оны қайта құру үлкен қаржыны қажет еткендіктен жолаушылар ағыны мен оған салынған инвестиция ақталмайды. Сондықтан әуежай жүк ағынымен де айналысады. Сондай-ақ Мәскеуге, Үрімшіге, Шаржға, Ташкентке және сібір қалалары мен Қарағандыға 2013 жылы жаңа рейстер ашылады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар