Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл төсек орынның 90%-ын құрайды. Олардың 80-і жансақтау бөлімінде. Өкпені жасанды желдетуге қосылған пациенттер саны 4 есе өсті, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Егер қала тұрғындары немқұрайдылық танытса, дәрігерлер мен төсек орындар жеткіліксіз болады. Қалалық медицина ұйымдарында 3,5 мың дәрігер және 8 мың орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Қаладағы халық саны 1 миллион 200 мың адам. Санитарлық нормалардың сақталмауы салдарынан жаппай індет тараған жағдайда бәріне дер кезінде көмек көрсетілмейді. Егер бұрын бізде бір ғана зертхана болса, қазір қалада күніне 5 мыңға дейін тест өткізетін 8 зертхана бар. 17 маусымға шамамен 170 мың тест өткізілді, қазір 40 мыңнан астам тест қолжетімді. Зертханаға өте үлкен жүктеме түсуде. Тек симптомдары бар және жақын байланысы бар адамдар ғана коронавирусқа тест тапсыруы керек. Тесттердің жетіспеушілігіне және нәтижелерді жедел өңдеуге жол бермеу үшін барлық адамға тест тапсырудың қажеті жоқ. Зертхананың 20-дан астам қызметкері (вирусологтары) індет жұқтырды. Олар күндіз-түні, тәулік бойы жұмыс істейді. Олар да адамдар, робот емес. Олар әрқашан вирус ошағында жүр», – деді денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова.