Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Әлеуметтік желілерді бақылау барысында WhatsApp мессенжерінде күн сайын туберкулез ауруханасынан 50-60 мәйіт шығатыны туралы ақпарат таратылғаны анықталды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Хабарлама авторын анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізіліп жатыр", — деді Нұрмағамбетов.
Департаменттегілер жалған ақпарат тез тарайтынын, салдарынан үрей туғызып, халыққа психологиялық зақым келтіретінін айтады.
"Жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодексінің 274-бабы ("Көрінеу жалған ақпаратты таратқан") бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осы бап бойынша шындыққа сәйкес келмейтін интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі ақпарат авторлары мен таратушылар жауапқа тартылады", — деді Нұрмағамбетов.