Ауруханаға «жарылғыш зат қойған» ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауруханаға «жарылғыш зат қойған» ер адам ұсталды

Ауруханаға «жарылғыш зат қойған» ер адам ұсталды

Алматыда №7 ауруханадан жарылғыш зат табылмады. 

  • 4 Желтоқсан 2015
  • 453
Фото - Caravan.kz


Қалалық ІІД «Арлан» арнайы саперлік бөлімшесі, Наурызбай ауданының ІІБ қызметкерлері, ТЖД өкілдері ғимаратты 1 сағаттан астам уақытта түгел тінтіп шықты. 
Ғимараттан 1 700 адам қауіпсіз жерге шығарылды. 
Сондай-ақ, хабарласқан адамның кім екендігін анықталды. Полиция күдікті ретінде 23 жастағы Алматы облысының тұрғынын ұстады. 
«Бұл адам өзінің бұзақылық пиғылмен осы әрекетке барғанын айтқан. Қазір аталған дерек ҚР ҚК 273-бабы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Айта кету керек, мұндай қылмыс үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін», — деді Салтанат Әзірбек.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы 9-да белгісіз адам кезекші пультына хабарласып, Райымбек пен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан №7 қалалық клиникалық ауруханада жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар