Аустралия мен Франция бизнесмендері ҚР мал шаруашылығы саласына инвестициялау ниетін білдірді - АШМ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аустралия мен Франция бизнесмендері ҚР мал шаруашылығы саласына инвестициялау ниетін білдірді - АШМ

Аустралия мен Франция бизнесмендері ҚР мал шаруашылығы саласына инвестициялау ниетін білдірді - АШМ

Аустралия мен Франция бизнесмендері ҚР мал шаруашылығы саласына инвестициялау ниетін білдірді, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрі (АШМ) Асылжан Мамытбеков.

  • 29 Шiлде 2011
  • 923
Фото - Caravan.kz

«Біз Қазақстанның бұл саласына (мал шаруашылығы — ҚазТАГ) инвестициялармен байланысты бастамаларды қолдаймыз. Бізде АҚШ бизнесмендерінің инвестицияларын тарту бойынша оң тәжірибеміз бар. Аустралиялық бизнесмендер ниет танытты. Сондай-ақ, Франция бизнесмендерімен де кездестік, олар да инвестицияларын құйып, мұнда біздің қазақстандық бизнесмендермен бірлескен кәсіпорындар ашып, дамытуды қалайды», — деді А. Мамытбеков жұма күні екінші халықаралық мал шаруашылығы форумында.

Министр қазіргі кезде аталған салада әлі де мәселелер бар екенін атап көрсетті.

«Бізде проблемалар бар: біз әлі күнге дейін мал басын бағалаудың ескі стандарттарын пайдаланамыз, біріншіден, олар тым ұзақ, екіншіден, шығыны көп.

А. Мамытбековтың пікірінше, осының салдарынан «асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысу» тиімсіз болды. «Бұқалар бірінші буында етке сойылды, бұл мал басының сапасын жақсартқан жоқ», — деді министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мемлекеттің мақсатты қолдауының нәтижесінде мал шаруашылығы саласындағы жағдай тұрақтанып келе жатыр, мал басының өсу қарқыны байқалып отыр.

«Біздің даму әлеуетіміздің экспорттың дамуымен тығыз байланысты екенін ескерсек, бізге жаңа технологияларды меңгеру қажет», — деді министр.

Соңғы жаңалықтар