Ауыл әкімдеріне жергілікті маңызды мәселелерді шешу бойынша қосымша функциялар беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл әкімдеріне жергілікті маңызды мәселелерді шешу бойынша қосымша функциялар беріледі

Ауыл әкімдеріне жергілікті маңызды мәселелерді шешу бойынша қосымша функциялар беріледі

Бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инвестициялық даму және кәсіпкерлік комитетінің отырысында

  • 28 Қыркүйек 2015
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. 

Заң жобасы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 97-98 қадамдарын жүзеге асыруға бағытталады. Құжат алдағы уақытта палатаның жалпы отырысына шығарылатын болады. 

«Ұлт жоспарына сәйкес, ауыл әкімдеріне және жергілікті қауымдастықтың жиналысына жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу бойынша қосымша функциялар беру туралы айтылған. Бұдан бөлек, жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетін кезең-кезеңімен енгізу, сондай-ақ, азаматтарды жергілікті бюджеттің жобасын қалыптастыру мен оның орындалуын талқылауға қатыстыру туралы тапсырмалар жүзеге асатын болады. Бұл ретте заң жобасымен бірқатар міндеттер айқындалады», — дейді Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев. 
Тұтастай алғанда, құжат тұрғындардың жергілікті маңызды мәселелерді шешудегі рөлін арттыруға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына нақты қаржылық және материалдық ресурстарды беруге, сондай-ақ жергілікті жердегі маңызды мәселелерді шешу үшін әкімдердің қаржылық және экономикалық дербестігін кезең-кезеңімен және рет-ретімен бекітуге бағытталған. 
Бұл ретте заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі мен оның жұмыс істеу тәртібі енгізіледі. Аталған кеңес бір немесе бірнеше сайлау округінің шекараларында құрылатын қала әкімінің халықпен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңыздағы қала және астананың әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болмақ.
Бұдан бөлек, тұрғындардың жергілікті маңыздағы мәселелерді шешудегі рөлін арттыру және оларды сапалы шешуі үшін жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарында талқыланатын мәселелердің тізбесі кеңейтіледі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына нақты қаржылық және материалдық ресурстарды беру мақсатында жер учаскесі аудандық маңыздағы қалада, ауылда, кентте тіркелген заңды тұлғалардан алынатын жер салығы, көлік құралдары салығы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер түрінде түсетін тізбе бекітіледі. Сондай-ақ, заң жобасымен жергілікті өзін-өзі басқарудың қаражаты есебінен алынған мүлік аудандық маңыздағы қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратының балансына бекітіліп берілетіндігі қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар