«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 400-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 400-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 400-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды.

  • 12 Шiлде
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бағдарлама аясында 400-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 319 кооператив 6,7 млрд теңге көлемінде қаржы алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде ауыл шаруашылығы кооперативтеріне басқа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тең шарттарда, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік қолдаудың барлық шараларына қолжетімді.

Атап айтқанда, кооперативтер құруды ынталандыру және оларды қолдау мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 8 мың АЕК-ке дейін несие беру көзделген.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі кооперативтерге ауыл шаруашылығы техникасын беру тетіктерін әзірледі. Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда шағын несие беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр.

Инвестициялық субсидиялау қағидаларында ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 50% дейін ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының жекелеген түрлерінің құнын субсидиялаудың басымдығы мен жоғары нормативтері көзделген. Салық кодексінде барлық салық бойынша 70% жеңілдікті ұсынатын арнайы салық режимі қарастырылған.

Кеңес соңында Серік Жұманғарин өңірлерде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушыларға 90,7 млрд теңге көлемінде 14,4 мың шағын несие берілген. Қаражаттың 80%-ы мал шаруашылығына, 4%-ы өсімдік шаруашылығына, 5%-ы техника мен жабдықтар сатып алуға және 11%-ы қызметтің басқа салаларына бағытталған. Бағдарлама шеңберінде салық түсімдерінің сомасы 1,3 млрд теңгені құрады. 16 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Биыл бағдарламаны іске асыруға 80 млрд теңге қарастырылған, 10,8 мың шағын несие берілді, 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылады деп күтілуде.