Жарияланды: 1300

"Ауыл" бағдарламасы аясында Маңғыстау облысындағы Оңды ауылында көгілдір отын құбыры пайдалануға берілді

Үкіметтік "Ауыл" бағдарламасы аясында Маңғыстау облысындағы Оңды ауылында облыстық бюджет қаржысы есебінен 26 шақырымдық көгілдір отын құбыры пайдалануға берілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Газ құбырына қосылу құны 15 мың теңгені құрайды. Қазіргі жағдаймен ауылда 1350 адам тұрады. Жалпы 2003-жылы Маңғыстау облысында төрт ауыл көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Түпқараған ауданындағы Тельман, Маңғыстау ауданындағы Оңды және Бекі, Ақтаудағы Баянды ауылдарын газбен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 115,6 млн. теңге бөлінді. Қазіргі жағдаймен үш ауылды газбен қамту жұмысы аяқталды. Оңды ауылын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге 70 млн. теңге бөлінді. Облыстық бюджет бекітілгеннен кейін 2003-жылдың маусым айында Маңғыстау облысының әкімі Болат Палымбетовтың ұсынысымен Оңды ауылын газбен қамтуға қосымша 16,7 млн. теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін