Ауыл кәсіпкерлері экономикалық сауаттылықтарын жетілдіруде - Павлодар облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл кәсіпкерлері экономикалық сауаттылықтарын жетілдіруде - Павлодар облысы

Ауыл кәсіпкерлері экономикалық сауаттылықтарын жетілдіруде - Павлодар облысы

Павлодар облысының Железин ауданындағы №20 кәсіптік лицейдің базасында «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша екікүндік тегін оқу семинары өтті.

  • 30 Маусым 2011
  • 454
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аудандық әкімдіктен хабарлады.

Кәсіпкерлік сауаттарын ашу мақсатында семинарға өз ісін енді бастаған кәсіпкерлер де, тәжірибелі бизнесмендер де келді.

«Көшпелі семинарлар облыс ауылдарында осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биылғы сабақтар «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша өткізілуде», — деп хабарлады «Даму» қорының Павлодар филиалының менеджері Марат Сәдібеков.

Семинарға қатысушылар нарық экономикасының негіздерімен, өз істерін бастаудың негізгі кезеңдерімен, қазақстандық заңнаманың құқықтық нормаларымен таныстырылды. Семинар қорытындысы бойынша оларға сертификат табыс етілді.

Семинарды «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар