Ауыл шаруашылығы министрі күріш өндірушілерге өнім сатуды әртарапта жүзеге асыруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығы министрі күріш өндірушілерге өнім сатуды әртарапта жүзеге асыруды ұсынады

Ауыл шаруашылығы министрі күріш өндірушілерге өнім сатуды әртарапта жүзеге асыруды ұсынады

Күріш өндіруші диқандар нарыққа байланысты өз өнімдерін әртараптандырып отырулары қажет.

  • 8 Қараша 2012
  • 313
Фото - Caravan.kz

Бүгін Парламент Сенатында «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында депутаттар сауалына жауап берген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай мәлімдеді.

Тоқтала кететін жайт, жарыссөз барысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы биыл Қызылорда облысының диқандары 340 мың тоннаға жуық «сыр маржандарын» жинағанын, бұның тәуелсіздік жылдары ішіндегі абсолюттік жоғары көрсеткіш екенін айтқан. Алайда, сенатордың сөзіне қарағанда, осы күрішті тасымалдауға байланысты диқандар қиыншылық көріп отыр. «Астықты тасу «Қазақстан Темір Жолынан» «Қазтеміртрансқа» берілу себебінен оның тасымалдау құны қымбаттады. Күрішшілер оны таяу шет елдерге жібере алмай отыр», — дейді М. Бақтиярұлы.

Өз кезегінде министр Асылжан Мамытбеков күріштің мол түсіміне ең алдымен ауыл шаруашылығы саласына Үкіметтің қолдауы, сондай-ақ Елбасы тапсырмасымен салынған Көксарай су қоймасы өз септігін тигізгендігін жеткізді. «Сату мәселесі шын мәнінде өткір болып тұр. Қазіргі уақытта жүк тасымалдайтын вагондардың орталық бірегей ұлттық компаниясын құру жұмыстары жүргізілуде. Бұның өзі «Қазтеміртранс» компаниясының тарифтерін жоғарылатуға соқтырды», — дейді А. Мамытбеков. Дегенмен, оның айтуынша, нарықта бағасы бұдан төмен тасымалдаушылар да баршылық.

Сонымен қатар, министр диқандар өз өнімдерін әр бағыттағы бәсекелестік нарықтарға сатулары тиіс екенін айтты. «Ең бірінші Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстанға да күріш жақсы сатылады. Өзі экспортшы болғанымен, біздің күрішімізге Ресей де көп мөлшерде қызығушылық танытады. Ал Балтық жағалауы елдері біздің басты экспорттық елдеріміздің қатарына кірмеген, кіру мүмкіндігі де шамалы», — деген министр диқандарға «нарыққа байланысты өздерінің экспорттық бағыттарын нақтылауды» ұсынды.

Соңғы жаңалықтар