Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр - Евгений Аман - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр - Евгений Аман

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр - Евгений Аман

Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту стратегиясында мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан 1 Халықаралық мал шаруашылығы форумында журналистермен сұхбаттасқан Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.

  • 30 Шiлде 2010
  • 520
Фото - Caravan.kz

Оның сөзіне қарағанда, мал шаруашылығы саласы өсімдік шаруашылығынан маңызы жағынан бірден бір кем емес. Өсімдік шаруашылығына осыған дейін өзге салаларға қарағанда басымдық беріліп келгені рас. Алайда, қазір мал шаруашылығы да ішкі жалпы өнімге қомақты үлес қосып отыр.

«Бұл салаға қажетті деңгейде көңіл бөлетін болсақ, оның экспорттық әлеуетін арттыруға болатынына көз жеткізіп отырмыз. Бізде мал өнімдерін өткізетін нарық та бар. Ендігі әңгіме мал шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. Министрлік агронөнеркәсіптік кешенін дамыту стратегиясында осы мәселеге жіті көңіл бөліп отыр», — деді жауапты хатшы.

Перейти к новостям спорта