Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде азық-түлік тауарларын өңдеу мәселесі қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде азық-түлік тауарларын өңдеу мәселесі қаралды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде азық-түлік тауарларын өңдеу мәселесі қаралды

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігінде облыс әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл шаруашылық басқармасының басшылары және министрліктің салалық құрылымдары, облыстық инспекция жетекшілерінің қатысуымен кезекті алқа мәжілісі өтті. Онда азық-түлік тауарларын өңдеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қараша 2008
  • 864
Фото - Caravan.kz

Алқа мәжілісіне төрағалық етуші ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Күрішбаевтың айтуынша, мемлекет басшысы биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған өз жолдауында экономиканың аграрлық секторын дамыту мен елдегі азық түлік қауіпсіздігігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Ішкі нарыққа сыртқы факторлардың әсерін төмендетумен бірге, оның экспорттық потенциалын арттыру үшін бізге азық түлік пен қайта өңдеу өнеркәсіптерінің қазіргі жағдайына баға беру арқылы кездескен қиындықтарды анықтап, болашаққа нақты міндет жасауымыз керек.

Бас қосуда өңдеу өнеркәсібінің қазіргі ахуалына сараптама жасалып, аймақтардың ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге жеткілікті мүмкіндіктері және өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту бағытындағы негізгі басым бағыттары туралы айтылды.

Дегенмен еліміздің өңдеу өнеркәсібі саласындағы жағдай, әсіресе оның бәсекелік деңгейі баяу дамып келеді. Еліміздің барлық аймақтарында азық түлік өнімдерін терең өңдеуден өткізуге мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде ішкі сұраныстағы импорт үлесін азайтып, оның инфлияция деңгейіне әсерін бәсеңдетеді. Алқа мәжілісінде осы үшін облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне ауыл шауашылық өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарға жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік қолдау көрсетуге, шағын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді біріктіре отырып ірі сүт өндіретін фермалар құруға, соңғы үлгідегі мал жемдейтін алаңдар ашуға қолдан келгенше көмек беруге ұсыныс жасалды.

Алдыңғы қатарлы халықаралық сарапшылардың мәліметтері бойынша, қаржы дағдарысына байланысты тоқырап қалған әлемдегі азық түлік нарығының дамуы кез-келген жағдайда ішкі азық түлік нарығының тұрақтылығын сақтап қалатын нақты жүйенің құрылуын талап етеді.

Қазақстандағы шикізаттың мол қоры өңдеу өнеркәсіптерінің қуатын арттыру арқылы азық түлік тауарларын қол жетімді бағамен ішкі және сыртқы нарыққа тасымалдап, ондағы тұрақтылықты сақтауға мүмкіндігі бары айқындалды.

Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша өткен 9 айда тамақ өңдеу өнеркәсібі 530,1 миллиард теңгенің өнімін шығарған. Былтырғы жылдың 9 айымен салыстырғанда 2,5 % көп.

Қолдағы мүмкіндікті тиімді пайдалану үшін әлемдегі түрлі тенденцияларға жедел іс қимыл жасау, кейбір маңызды сұрақтарға бірден жауап беруге назар аударған жөн. Жекелей алғанда, бюджеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеушілердің қазіргі жұмысына қолдау көрсету; ұсақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді біріктіру арқылы өңдеу өнеркәсібінің жұмысын жетілдіру; Агроөнеркәсіп кешені нысандарын несиелеу, оның ішінде екінші деңгейлі банктер, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі қаржылық институты, «Самұрұқ- Қазына» Ұлттық әл -ауқат қоры арқылы қаржыландыру көзделген.

Алқа мәжілісінде қаралған тағы бір мәселе «электронды үкімет» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешені салаларын басқарудың «E-Agriculture» «Біртұтас автоматтандырылған басқару жүйесін» құру жобасы. Бұл жүйені құрудағы басты мақсат — Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенін қазіргі заманға сай, ықпалды әрі жоғары нәтижелі ақпараттық ортада жан жақты дамыту. Осы жүйедегі сала көрсеткіштері туралы мәліметтер Агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттар қорына енгізілумен бірге, оған мониторнинг, сараптама, жоспарлау және ауыл, су, орман мен балық шаруашылықтары жөнінде интернет көмегі беріледі.

«Біртұтас автоматтандырылған басқару жүйесі» ақпаратын тұтынуға ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық — маркетингтік жүйесі, ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, әкімшілік, сондай-ақ, «электронды үкімет» порталын пайдаланушылар мүмкіндік алады.

Жиын соңында аталған мәселелерге байланысты тиісті тапсырмалар мен бағыт бағдар берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар