Жарияланды: 310

Ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің несиелері ұзартылып жатыр

«ҚазАгро» холдингі ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің несиелерін ұзарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында «ҚазАгроның» инвестициялық жобалар департаментінің директоры Нармұхан Сарыбаев мәлім етті.

Оның хабарлауынша, осы уақытқа құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың тарапынан көктемгі егістік жұмыстарына алған несиелерді ұзарту бойынша 182 өтініш түскен. «Оның жалпы соммасы 2,74 млрд. теңгені құрап отыр. Қазіргі кезде 464 млн. теңгенің 51 өтініші мақұлданып, 50 несиенің (459 млн. теңге) мерзімі ұзартылды. Компанияның қарауында тағы 131 арыз жатыр. Олардың жалпы соммасы - 2,3 млрд. теңге», - дейді Н.Сарыбаев. Департамент директоры атап көрсеткендей, барлық өтініштер қарашаның 10-на дейін қабылданады. Ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің несиелері келесі жылғы қарашаның 20-сына дейін ұзартылмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін