Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы келісім заңмен бекітілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы келісім заңмен бекітілмек

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы келісім заңмен бекітілмек

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы келісім 2010 жылы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында жасалған. Осы келісімді заң түрінде бекіту үшін ұсынылған заң жобасын қарап шыққан Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Палатаның жалпы отырысына ұсынды.

  • 8 Маусым 2011
  • 373
Фото - Caravan.kz

Аталған келісімнің нысанасы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру қағидаларын белгілеу болып табылады және Тараптар мемлекеттерінің Бірыңғай экономикалық кеңістігінің аумағында қолданылады және ауыл шаруашылығы тауарларына қатысты қолданылады.

«Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша депутаттар алдында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндама жасайды.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ермұханбет Омаров заң жобасы туралы қосымша түсінік береді.

Соңғы жаңалықтар