«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-да жаңа басшы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+33 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-да жаңа басшы

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-да жаңа басшы

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасы Д.Айтжанов

  • 12 Қараша 2012
  • 686
Фото - Caravan.kz

«КазАгроның» еншілес ұйымы — «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстырды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 5 қарашадағы шешіміне сәйкес Басқарманың жаңа төрағасы болып Нармұхан Сарыбаев сайланды.

Сарыбаев Нармұхан Қалмаханұлы 1980 жылы дүниеге келді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірді.

Н.Сарыбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысының коммерциялық және мемлекеттік құрылымдарында үлкен жұмыс тәжірибесі бар. 2009 жылдан бастап «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің Несиелендіру департаментін басқарды.

2012 жылғы мамырдан бастап Н.Сарыбаев «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Анықтама: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ — «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ құрамына кіретін компания. Қордың миссиясы — тиімді шағын несиелендіру жүйесін дамыту арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту.