Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры диқандарға мақта егуге 500 млн теңге бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры диқандарға мақта егуге 500 млн теңге бөледі

Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры диқандарға мақта егуге 500 млн теңге бөледі

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» мақта өсірушілерге 500 млн теңге қаржы бөледі. Бұл туралы мемлекеттік қордың баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 16 Сәуiр 2015
  • 1457
Фото - Caravan.kz


«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ «Ырыс» шағын қаржылық ұйымына диқандарға мақта өсіру бойынша көктемгі егіс жұмыстарына арнап несиелеуге 500 млн теңге бөледі.
2012-2014 жылдар аралығында «Ырыс» ШҚҰ арқылы мемлекеттік қор 1,5 млрд теңге бөліп, 1,865 мың ауылшаруашылық тауарларын өндірушіні қаржыландырды. 2014 жылы қор ұсынған қаржы есебінен 11 мың 871 га жерге мақта егілді.