Ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдаудың ауқымдылығына қарамастан сала көрсеткіштері әлі де төмен - А. Мамытбеков - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдаудың ауқымдылығына қарамастан сала көрсеткіштері әлі де төмен - А. Мамытбеков

Ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдаудың ауқымдылығына қарамастан сала көрсеткіштері әлі де төмен - А. Мамытбеков

«Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі жүйелі түрді жүргізілуде.

  • 9 Қараша 2015
  • 627
Фото - Caravan.kz

Мәселен, 2008 жылғы 41,4 млрд. теңгеден биылғы жылы 177 млрд. теңгеге дейін көтерілді. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Ведомство басшысының айтуынша, салаға мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары енгізілуде. Мәселен, тиімді субсидияның нормативтері жоғарлап, тиімсіз субсидиялар нормативтері төмендеген. «Алайда, қолдаудың ауқымдылығына қарамастан, мал шаруашылығының өнімділігі мен өсімдік шаруашылығының негізгі түсімдер көрсеткіштері әлемдік көрсеткіштерге қарағанда әлі де төмен болып отыр.Бұл деген сөз еңбек өнімділігі мен саланың тиімділігі бойынша әлі де жоғары деңгейге көтеріле алмай отырғанымызды білдіреді», — деді А. Мамытбеков.

Бұл ретте министр көрсеткіштерге қатысты мәселеде климаттық және экономикалық ерекшеліктерді есепке алу керектігін, сондай-ақ технологиялардың қолжетімділігі маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Дегенмен, министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстан мен климаттық ұқсас мемлекеттермен салыстырғанда да біздің еліміздегі көрсеткіштер мардымсыз болып табылады.

«Әлсіз өсімділіктің негізгі себептерінің бірі — біздің есептеуімізше, субсидияның басым бөлігі, соның ішінде 70 млрд теңгеден астамы ауыл шаруашылығы тауарларын өндрушілер үшін өздерінің тиімділігін, рентабельділігін еш ынталандырмайды. Субсидиялардың өнімнің  өзіндік құнындағы үлесінің жоғары болуы, тауар өндірушілердің жоғалтқан табысына өтемақы секілді болып кетеді. Айталық, мал шаруашылығында субсидияның үлесі өнімнің өзіндік құнының12-ден 50 пайызына дейін құбылады», — деді ведомство басшысы. 


Соңғы жаңалықтар