Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2025 жылдың 11 айында 6,1%-ға ұлғайып, 9,2 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.
Ол өсім мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,5%-ға, егін шаруашылығындағы өндіріс көлемін 7,6%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға ұлғайды
© Photo : ҚР Үкіметі
«Дәстүрлі дақылдардың тұрақты жоғары өнімділігіне қарамастан, биыл майлы және бұршақ дақылдары да айқын өсім көрсетті. Мәселен, 1,1 млн тоннадан астам көлемде бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі алынды», — деді Сұлтанов.
Вице-министр майлы дақылдардың өнімі алғаш рет 4,7 млн тоннаға жеткенін айтты. Мұндай көрсеткіштерге егін егу және жинау жұмыстарына жеңілдікпен 750 млрд теңге қаржы бөлінгені ықпал етіп отыр, деді ол.
Сондай-ақ министрдың сөзінше, биыл алынған астық көлемі ішкі нарықтың қажеттілігін толық өтейді. Экспорт көлемін ұлғайтуға да мүмкіндік береді.
Ол 2024-2025 маркетингтік жыл ішінде Қазақстан 13,4 млн тонна астық экспорттағанын, бұл алдыңғы ұқсас кезеңнен 47%-ға артық және соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда 3,4 млн тонна жаңа астық экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 20%-ға көп. Экспорттық әлеует шамамен 13 млн тоннаны құрайды», — деп атап өтті Азат Сұлтанов.