Ауыл шаруашылық министрлігі ет импорттауға квота бөлу қағидаларын қайта қарауды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылық министрлігі ет импорттауға квота бөлу қағидаларын қайта қарауды ұсынуда

Ауыл шаруашылық министрлігі ет импорттауға квота бөлу қағидаларын қайта қарауды ұсынуда

Ауыл шаруашылық министрлігі құс етінен өзге, ет әкелуге квота бөлудің тарихи қағидасынан уақытша бас тартуды және ең алдымен отандық өңдеушілердің сұранысын қанағаттандыруды ұсынуда, деп Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

  • 13 Маусым 2011
  • 392
Фото - Caravan.kz

«Біздің ведомство құс етінен өзге, еттің барлық түрлері бойынша квота бөлудің тарихи қағидасынан бас тартып, ең алдымен отандық өңдеушілердің сұранысын қанағаттандыру туралы ұсыныс енгізді», — деп А.Мамытбеков бүгін Астанада селекторлық кеңесте атап көрсетті.

«Өңдеушілердің сұранысын толық қанағаттандырғаннан кейін трейдерлер арасында тарихи қағидамен бөлу қажет. Мұндай пікірді біз депутаттардың біразына айттық, олар қолдап отыр», — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар