Ауыл тұрғыны базардың жанында 10 жасар қызды зорлап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл тұрғыны базардың жанында 10 жасар қызды зорлап тастады

Ауыл тұрғыны базардың жанында 10 жасар қызды зорлап тастады

10 шілдеде Қырғызстанда тапа-тал түсте он жасар қызды зорлаған

  • 11 Шiлде 2018
  • 180
Фото - Caravan.kz

Қырғызстанның Шу ауданындағы Соқұлық ауылында 10 жасар қызды зорлап кеткен, деп хабарлады Шу облысының ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі. 

Басқарманың хабарлауынша, оқиға 10 шілдеде жергілікті базардың жанында шамамен сағат 14.00 кезінде болған. 

"Оқиға орнына бірден Соқұлық ауданы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері барды. Қырғызстанның қылмыстық кодексінің 130-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сот-медициналдық сараптамалар тағайындалды", — деп жазылған хабарламада. 

Қазіргі уақытта полицейлер қызды зорлаған адамды іздеп жатыр. 


Sputnik Қырғызстанның құқық қорғау органдарындағы дереккөзі хабарлағандай,  жартылай жалаңаш жылап тұрған қызды Соқұлық ауылындағы орталық базардың маңынан өтіп бара жатқан әйел тауып алған.

 

Соңғы жаңалықтар