"Ауылда 19%, қалада 16%": Қазақстанда темекі шегушілер саны азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ауылда 19%, қалада 16%": Қазақстанда темекі шегушілер саны азайды

"Ауылда 19%, қалада 16%": Қазақстанда темекі шегушілер саны азайды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы қаңтарда ересек тұрғындардың темекі тұтынуы туралы кезекті жыл сайынғы зерттеуін жүргізді

  • 15 Шiлде
  • 3
ФОТО: baq.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сауалнама республиканың барлық облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілді. Оған 15 жастан асқан 12 000 үй шаруашылығының бір-бір мүшесінен қатысты.

Алынған нәтижелер көрсеткендей, тексерілген үй шаруашылығы мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 17,5% темекі шегеді, 2024 жылы бұл көрсеткіш 20,7% деңгейінде болған. Темекі тартушылардың үлесі ауылдық жерлерде 19,1%, қалалық жерлерде – 16,7%. 

Жалпы темекі шегетін халықтың 93,8% өнеркәсіпте шығарылған темекі түрін шегеді. Темекі тұтынатындар арасында ерлер 34%, әйелдер арасында 5% құрайды.

Перейти к новостям спорта