Ауылда тұратын ақынның жыр жинағының таныстырылымы болды - Қызылорда облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылда тұратын ақынның жыр жинағының таныстырылымы болды - Қызылорда облысы

Ауылда тұратын ақынның жыр жинағының таныстырылымы болды - Қызылорда облысы

Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Аманкелді ауыл­ындағы кітапхана үйінде осы елді мекеннің тұрғыны, зей­неткер Қыпшақбай Күліковтің тұңғыш жыр жинағын жұртқа таныстырған тұсаукесер рәсімі өтті.

  • 20 Желтоқсан 2010
  • 525
Фото - Caravan.kz


Ауыл ақыны кітабының аты да оның жыр шумақтарын халықтың қалың ортасында жүріп жазғанын паш етіп тұр. Ал жинақ аты «Төрт түлікті түлетіп жүріп жыр жазған» деп аталады.

Ауыл ақынының тырнақалды кітабының топшысы алынған кешке осындағы орта мектептің ұстаздар қауымы мен оқушылар, ауыл зайырлы ортасының өкілдері қатысты. Шараның басты мақсаты кешегі шаруаны шалқытқан еңбек адамының зейнетке шыққан жасында кітабын ұсынып, жыр жолындағы төккен терінің өтеуі қайтқанын көрсету болды. Кешке орай кітапхана қызмет­кер­лері сондай-ақ ауыл ақынының өмір жолы мен шығармашылығынан хабар беретін «Еңбекпен қаламын ұштастырып» атты кітап көрмесін де ұйымдастырды.

Перейти к новостям спорта