Ауылдасын айуандықпен өлтірген қылмыскер Ресейден табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылдасын айуандықпен өлтірген қылмыскер Ресейден табылды

Ауылдасын айуандықпен өлтірген қылмыскер Ресейден табылды

Ресей Федерациясында Алматы облысында кісі өлтіру қылмысын жасаған күдікті - Қазақстан азаматы ұсталды,

  • 5 Желтоқсан 2012
  • 321
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ІІМ баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз.

Алматылық полицейлер Ескелді ауданы Бақтыбай кентінің 23 жастағы тұрғынына ағымдағы жылдың қазанында ауылдасын өлтіргені үшін іздеу жариялаған еді. Қылмыс қару қолдану арқылы аса ауыр қастандықпен жасалынды, қылмыскерлер жәбірленушінің денесін БМВ автокөлігімен бірге өртеп жіберген. Қылмысқа қатысушы екі адам тәулік ішінде қолға түсті, ал олардың көшбасшысы ізін суытқан.

«Өткен аптада іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер күдіктінің Ресей Федерациясындағы Қорған қаласында жасырынып жүргенін анықтады. Қазақстаннан жіберілген бағдар бойынша қылмыскер ұсталды. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселелері шешілуде», — деп атап өтті Н. Ораз.