Ауылды көтеру мәселесі талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.17
  • 550.06
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылды көтеру мәселесі талқыланды

Ауылды көтеру мәселесі талқыланды

Ауылды көтеру мәселесі талқыланды.

  • 21 Ақпан 2022
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Аймақтағы жағдаймен танысып, халықтың ұсыныс-тілектерін тыңдау мақсатында Жезқазған қаласына іс-сапармен келдім, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы.

19 ақпан күні Жезқазған қаласында қала ақсақалдары, қоғамдық кеңес мүшелері және қалалық мәслихат депутатарымен кездестім. Кездесуге қатысушылар қоғамды толғандырып тұрған сұрақтарды көтеріп, ойларын айтты. Пікір алмастырдық. Атап айтқанда, ауылды көтеру, облыс мәселесі, аймақта жаңа өндіріс орындарын ашу, экология, Кеңгір су қоймасының жағдайы, кезінде Жезқазған қаласындағы осы аймаққа мықты мамандар дайындап келген жоғары оқу орнының болашағы, Ұлытау ауданында туризмді дамыту сияқты сұрақтар айтылды. Көтерілген сұрақтар бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жасайтын боламын. — деп жазды ол.

Одан кейін, тұрғындар жеке сұрақтар бойынша қабылданды. Қабылдауға Сәтбаев және Ұлытау ауданының тұрғындары да қатысты.


Қойылған сұрақтардың ішінде, тек жеке адамның сұрағы емес, барлық аймақтың халқын толғандыратын сұрақтарда болды, олар қалаға облыс орталығы статусын беру, Сәтбаев қаласындағы «Сәт Тазалық» ЖШС – нің жұмысы туралы.

Жеке сұрақтар денсаулық саласына, әлеуметтік салаға, жұмысқа тұру, жеке бизнес ашу, субсидия алу туралы болды. Жергілікті атқарушы органдарға қатысты заң аясында шешілуге тиіс сұрақтарды қарауды қабылдауға қатысқан мекеме басшыларына тапсырдым. Орындалысы менің бақылауымда болады. Басқа сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шешу жолдарын ұсындым, — деді депутат.