Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, үстіміздегі жылдың ақпан айында алматылық «Сенім құрылыс сервис» ЖШС-і құрылыс компаниясы осы нысанның күрделі жөндеуден өткізу және жаңартуға байланысты конкурста жеңіп алған еді. Бөлінген қаржының жалпы сомасы 97 миллион теңгені құрады.
Қазір нысанның құрылыс алаңдарында шамамен жүз адам жұмыс істеуде, оның 70-і тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналасқандар. Жұмысшылардың орташа жалақысы 35-40 мың теңге.
Қазіргі күннің өзінде нысанда жұмысшылардың күшімен жабындық, қасбет және қаптау жұмыстары аяқталып қалды. Жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу жобасында нысанды қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін жылыту жүйелерін орнатуды, оған тиесілі жер аумағын абаттандыру және қоршау, электр-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруды да қарастырылған.
Сондай-ақ, Мәдениет үйінің концерт залында жаңа құрылғылар, барлық стандарттар мен қазіргі заман талабына жауап беретін жарық беру құралдарымен қамтылмақ. Ал ғимараттың дәлізі жақын маңда «АрхКөксу» ЖШС мамандары жасап шығарған жаңа сәулеттік дизайнда келушілерге өз есігін айқара ашпақ.
Өтенайлықтар жаңа Мәдениет үйімен биылғы жылдың тамыз айында-ақ қауышатын болады.