Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді жеке меншікке беру үрдісін заңдастыратын Жер Кодексін жүзеге асыруға бағытталған барлық заңдық актілер қараша айының соңында қабылданады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді жеке меншікке беру үрдісін заңдастыратын Жер Кодексін жүзеге асыруға бағытталған барлық заңдық актілер қараша айының соңында қабылданады

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді жеке меншікке беру үрдісін заңдастыратын Жер Кодексін жүзеге асыруға бағытталған барлық заңдық актілер қараша айының соңында қабылданады

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді жеке меншікке беру үрдісін заңдастыратын Жер Кодексін жүзеге асыруға бағытталған барлық заңдық актілерді үкімет қараша айының соңында қабылдайды. Бұл туралы бүгін, 8-қыркүйекте сенаттағы үкіметтік сағат аяқталғаннан кейін журналистермен жүздескен үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 8 Қыркүйек 2003
  • 1581
Фото - Caravan.kz

«Жерді жеке меншікке беру нәтижесінде ғана оны пайдалану тиімділігі артады»,- деді А.Есімов. Вице-премьер ортаға салған мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің негізгі ставкасы үкімет қаулысымен бекітілді. Сондай-ақ, А.Есімовтың айтуынша, аймақтардағы жеке меншікке берілуі мүмкін жер учаскелерінің шектеулі мөлшері туралы барлық аймақтық әкімшіліктер мен мәслихаттардың ұсыныстары қазір үкіметтің қарауында жатыр. Осы орайда вице-премьер «мемлекет тарапынан жерді тез арада оңды-солды сатып үлестіру туралы міндет қойылған жоқ»,- деп атап көрсетті. Оның айтуынша, негізгі ставканың 25 проценті шамасындағы жеңілдетілген бағаға жердің 40 процентін сатып аяқтау үшін 10 жылға жуық мерзім қажет. Алайда, А.Есімовтың атап көрсетуінше, «бұлардың барлығы тек алдын-ала болжам-есеп қана, ал нақты ахуалды уақыт көрсетеді».

Еліміздегі жалпы жер қоры 272,3 млн. гектарды құрайды, оның 90,9 млн. гектары ауылшаруашылық жерлері болса, 20,3 млн. гектарды шабындық жерлер құрайды. ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің басым бөлігі, басқаша айтқанда, шамамен 87 мың гектар алқап жалға берілген. Ал ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің 0,09 проценті жеке меншікте.

Соңғы жаңалықтар