«Біз жағдайды нақты бақылауда ұстап отырмыз. Қандай да бір алдын-ала ескерілмеген тосын жағдайлар күтіп отырған жоқпыз», деді сұхбатында А. Евниев.
Ол шекараның ұзына бойында Ресей тарапымен өзара іс-қимыл мәселелері пысықталғанын атап өтті. «Зиянкес шегірткелермен күресу үшін қажетті химиялық препараттар мен техникалар бар. Қажет болған жағдайда, барлық шаралар қолданылатын болады», деді А. Евниев.
Айта кетейік, мамыр айынан бері Ресейдің Астрахань облысы аумағын шегіртке таралуда. Маусым айында аталмыш өңірдің кейбір аудандарында төтенше жағдай енгізілді. Бүгінгі күні аталған облыста 72,9 мың гектарға шегіртке таралып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан
Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.