Ауылшаруашылығы министрлігінің мамандары Қостанай облысындағы қырмандарға биылғы түсімнің аз құйылуына алаңдаушылық білдіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылшаруашылығы министрлігінің мамандары Қостанай облысындағы қырмандарға биылғы түсімнің аз құйылуына алаңдаушылық білдіреді

Ауылшаруашылығы министрлігінің мамандары Қостанай облысындағы қырмандарға биылғы түсімнің аз құйылуына алаңдаушылық білдіреді

Ауылшаруашылығы министрлігінің Қостанай облыстық аумақтық басқармасының мамандары облыстағы қырмандарға биылғы түсімнің аз құйылуына алаңдаушылық білдіреді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2004
  • 630
Фото - Caravan.kz

Басқарма мәліметі бойынша, жинап алынған 2,6 млн. тонна жаңа түсімнен бүгінге дейін қырмандар мен астық қабылдау бөлімшелеріне небәрі 500 мың тоннасы ғана құйылған. Мамандар астық мөлшерінің азаюын қырмандар мен астық қабылдау бөлімшелерінің қызмет көрсету құнын өсіріп жіберуімен байланыстырады.

Қазіргі таңда бұл проблеманы басқарма қарап жатыр. Астық туралы жаңа заңға сәйкес, мемлекет ауылшаруашылығы министрлігінің бөлімшелерінің көмегімен жеке меншік астық қабылдау бөлімшелерінің жұмысын қадағалай отырып, астықты тапсыру барысында өнім өндірушілер мен қырман қожайындары арасында туындаған дау-дамайларды реттеуі тиіс.
Қостанай облысында 37 лицензиялы қырман мен астық қорын дайындаушы астық қабылдау бөлімшелері жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындардың жалпы терминал көлемі 5 млн. тонна астық сыйғыза алады.

Перейти к новостям спорта