Ауылшаруашылығының тауар өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету ахуалы тұрақтанды - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылшаруашылығының тауар өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету ахуалы тұрақтанды - үкімет басшысы

Ауылшаруашылығының тауар өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету ахуалы тұрақтанды - үкімет басшысы

Бүгінгі жағдаймен ауылшаруашылығының тауар өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету ахуалы тұрақтанды , жанар-жағармай астықты аймақтарға үздіксіз жөнелтілуде. Бұл туралы сенатор Леонид Бурлаковтың депутаттық сауалына жауап ретінде парламентке келіп түскен ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың хатында айтылған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР сенатының БАҚ-тармен байланыс жөніндегі бөлімінен хабарлады.

  • 30 Қыркүйек 2003
  • 560
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысы өз жауабында сенаторға республика президенті қол қойған «Жекелеген мұнай өнімдері түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік мекемелер біртұтас мәліметтер базасын құру, оларды декларациялау тәрізді жанар-жағармай айналымы мен өндірісін реттеуге бағытталған басқа да шараларды жүзеге асыруда деп хабарлады. Ішкі рыноктағы ахуалды тұрақтандыру мақсатымен ҚР энергетика және минералды ресурстар министрілігі қатаң бақылау жолымен мұнай өнімдерін өндірудің ең төменгі мөлшерін ай сайын белгілеумен бірге мұнай өңдеу зауыттарына бекітілген көлемде шикі мұнай жөнелту графигін ұстану барысын жіті қадағалауда,- делінген хатта.

Сонымен бірге, үкімет басшысының жауабында атап көрсетілгеніндей, аталмыш заңда жанар-жағармай бағасын мемлекеттік реттеу жөніндегі норма жоқтықтан, еліміздегі жанар-жағармай көзіне иелік етушілер нарықтағы коньюнктураға сәйкес бағаны білермендікпен белгілеуде. Талдау нәтижесі көрсеткеніндей, наурыз айынан бастап биылғы жыл ортасына дейін жанармай мен дизельдік отын бағасы тұрақты болды. Ал шілде айынан бастап елімізде жанар-жағармай бағасының қымбаттауына Ресейдің ішкі рыногіндегі шикі мұнай бағасының қымбаттауы мен Ресейдің Қазақстанмен шекаралас мұнай өңдеу зауыттарында дизельдік отын бағасының өсуіне тікелей байланысты делінген құжатта. Сондай-ақ, әлемдік нарықта да шикі мұнайдың әр баррелінің бағасы 30 долларға дейін өсті.
Д.Ахметов сондай-ақ, республикамыздың ішкі рыногіндегі жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру үшін үкімет қаулысымен Қазақстан аумағынан дизельдік отын шығаруға тыйым салынғандығын, ал негізгі өнім өнідірушілермен келісім бойынша дизельдік отынның бір тоннасын тұтынушыларға 185 доллардан кем емес бағаға босату ұйғарылғанын, әрбір астықты аймақ жанар-жағармаймен қамтамасыз ету тұрғысында белгілі бір мұнай өңдеу зауытына жауаптандырып берілгенінен сенаторды хабардар етті.
Сонымен бірге, үкімет басшысы түсім жинау науқаны барысында ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер облыс әкімдері бекіткен операторлардың көмегімен дизельдік отын алып отырғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар