Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін сауда-логистикалық желі құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін сауда-логистикалық желі құрылады

Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін сауда-логистикалық желі құрылады

Республиканың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері үшін сауда-логистикалық желі құру жоспарлануда,

  • 19 Желтоқсан 2012
  • 308
Фото - Caravan.kz

ол арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін уақыт пен қаржыны үнемдей отырып тасымалдауды, сақтауды және сатуды іске асыруға болады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өнімдерді тасымалдау мен сату мәселесін шешу үшін фермерлер сауда-логистикалық желі (логистикалық хаб) жүйесін енгізуде. Бұл хабтың міндеті өз автокөлігімен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімдерін әділетті бағамен сатып алып, алып кету, оны өзінің қоймаларында сақтау және сауда жүйелерімен компьютерлендірілген тиімді өзара әрекеттестікті қалыптастыру», — делінген холдингтің хабарламасында.

Кең көлемді тиімділігі арқасында хаб шығынды азайтып, өнімдерді сатып алу мен сату ырғағын (кепілділігін) қамтамасыз ететін болады, деп атап өтілген.

Сонымен қатар, логистикалық хабты құру Астананың Азық-түлік белдеуін қалыптастыруда көкейкесті және тиімді шара болып табылады. Оның аясында бүгінде 42 жоба жүзеге асырылған.

Перейти к новостям спорта