Бұл туралы vesti.kz-ке сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.
Рұқсат етілмеген дәрмектер Бейжің олимпиадасында жүлде алған Ирина Некрасова (63 келі), Мария Гробовецкаядан (75 келі) және Владимир Седов пен Майя Манезадан да табылып отыр. Бұл жолғы зерттеуде Майяның қанында тағы да рұқсат етілмеген препараттың болғанын анықтапты.
Седовтың допинг-сынамасы бұған дейінде оң нәтиже берген еді. Ол 2006-2008 жылдар аралығында шеттетілген. Ал Бейжің олимпиадасында ол төртінші орын алған.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ережесі бойынша допинг дауына іліккен спортшылар уақытша барлық жарыстарға қатысу құқығынан айырылады.
Соынмен қатар, бұған дейінгі тексерулер барысында Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зульфия Чиншанлолардың Лондон олимпиадасындағы допинг-сынамалары оң нәтиже берген болатын. Ал Ильиннің Бейжіңдегі сынамасы да көңіл көншітерлік болмаған. Бұл спортшылардың барлығы олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған.