Ауыр атлет Надежда Ногай - жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр атлет Надежда Ногай - жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы

Ауыр атлет Надежда Ногай - жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы

Словенияның Кошица қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын жүлде иеленді.

  • 23 Қыркүйек 2012
  • 472
Фото - Caravan.kz

«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, +69 келіде жарысқа қатысқан Надежда Ногай биыл екінші рет әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 123 келіні көтерді. Ал екінші-үшінші орын алған Ирина Дехна (Украина) мен тағы бір қазақстандық Виктория Вагнер 100 келіні еңсерген.

Серпе көтеруде Ногай 145 келіні ырқына бағындырса, Виктория Вагнер 130 келіні көтеріп, кіші күміске ие болды. Ал украиналық Анастасия Романова 121 келіні алды.

Қорытындыда қос қазақстандық спортшы алтын мен күмісті өзара бөлісті. Қола украиналық Романоваға бұйырды.

+ 69 кг. 1. Надежда Ногай — 268 (123+145). 2. Виктория Вагнер (екеуі де — Қазақстан) — 230 (100+130). 3. Анастасия Романова (Украина) — 216 (95+121).

Надежда Ногай былтыр Перу ( 17 жас) мен Малайзияда (21 жас) өткен әлемдік сында үздік шыққан.

94 келі салмақта қазақстандық Максим Лактионов күміс жүлдеге ие болды. Бұл салмақта алтынды молдовиялық Марсель Гудеа иеленді.

Сонымен, Кощицадағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде еншіледі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера