Ауыр атлет Рүстем Сыбай Азия чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр атлет Рүстем Сыбай Азия чемпионы атанды

Ауыр атлет Рүстем Сыбай Азия чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Рүстем Сыбай Тайландтағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп жазды sports.kz.

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 456
Фото - Caravan.kz

Екі дүркін олимпиада чемпионы Ильи Ильиннің шәкірті — Рүстем Сыбай қоссайыста 383 (167+216) келіні көтеріп, 94 килограмм салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Екінші орынға оңтүстіккореялық Джунг Хен Сеоп ие болды. Ол 376 килограммды көтерді. Ал ирандық Хашеми Али үздік үштікті тұйықтады.

Енді Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын бар. Осыған дейін Айдар Қазов пен Ермек Өміртай чемпион атанған. Фаина Сиванбаева, Асем Садықова мен Майра Файзуллаева ел қоржынын үш қола медальмен толықтырды.