Ауыр атлетика: Әлем чемпионаты алдағы жылғы қазан айында өтетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр атлетика: Әлем чемпионаты алдағы жылғы қазан айында өтетін болды

Ауыр атлетика: Әлем чемпионаты алдағы жылғы қазан айында өтетін болды

Ауыр атлетикадан 2013 жылғы әлем чемпионаты Польшаның Варшава қаласында өтетіні бұған дейін де белгілі болған еді.

  • 29 Қазан 2012
  • 451
Фото - Caravan.kz

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы енді осынау дүбірлі спорт бәсекесінің өтетін дәл уақытын жариялады.

Ұйымдастырушы елмен келісе келе федерация әлемдік сынды қазан айының 16-23 аралығында өтеді деп шешіп отыр.

Ал жасөспірімдер арасындағы Ташкентте өтетін әлемдік сын 6-13 сәуірге белгіленде. Жастар арасындағы Лима (Перу) әлем біріншілігі 3-11 мамырда өтеді.

2013 жылы Астанада өтетін Азия чемпионатының уақыты әзірге белгіленген жоқ, деп хабарлайды «Аламан» сайты.