Ауыр атлетика: Линдер мен Әбубәкіров Азия чемпиондары атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр атлетика: Линдер мен Әбубәкіров Азия чемпиондары атанды

Ауыр атлетика: Линдер мен Әбубәкіров Азия чемпиондары атанды

Таиландта Ауыр атлетикадан 17 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтуде.

  • 12 Наурыз 2014
  • 430
Фото - Caravan.kz


69 келіге дейінгі салмақта 18 жасар қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер жалпы көлемі 298 келі (132+166) салмақты бағындырып, жастар арасында үздік атанды. Тағы бір отандасымыз 62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Әділбек Балхаев 269 келі (122+147) көтеріп, төртінші орынға ие болды.

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында да Қазақстан құрамасының балғын спортшылары өздерін жақсы қырынан көрсетті. Селімхан Әбубәкіров 350 келі (160+190) көрсеткішімен 94 келіден жоғары салмақ спортшылары арасында чемпион атағын жеңіп алды. 69 келі салмақта күш сынасқан Михаил Макеев болса, ирандық Киануш Багерикордасуябидан сәл ғана қалыс қалып, 2-орынға табан тіреді. Қазақстандық 271 келіні (122+149) бағындырса, ирандық спортшы 274 келіні (121+153) басынан асыра көтерді. Тимур Хасаров (56 келі) бұл чемпионатта жетінші (98+120=218 келі) орынды қанағат тұтты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера