Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді – IWF - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді – IWF

Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді – IWF

Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада-2016-ға жолдама ойналатын ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді, деп сәрсенбі күнгі «Время» газеті жазады.

  • 9 Қараша 2011
  • 529
Фото - Caravan.kz

Ауыр атлетикадан халықаралық федерациясының (IWF) атқарушы комитетінің осындай шешімі дүйсенбі күні, қазір әлем чемпионаты өтіп жатқан Парижде жарияланды.

«2014 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Астанадан басқа 10-шақты мемлекет таласты. Олардың арасында АҚШ, Ресей мен Түркия бар. Бірақ дауыс басымдығымен атком мүшелері біздің елордамызды таңдады. Бұл кездейсоқ емес», — деп басылым, қазір Францияда жүрген ҚР ауыр атлетика федерациясының төрағасы Қайрат Тұрлыхановтың айтқандарын келтіріпті.

Қ. Тұрлыханов осыншама ауқымды жарыс үшін неліктен Қазақстан таңдап алынғанын өзінше түсіндіреді.

«Қазақстанның халықаралық сахнада саяси беделі бар болуымен қатар экономикалық тұрғыдан тұрақты дамып келеді. Одан басқа, қазақстандық ауыр атлетика шеберлері соңғы олимпиадада және әр түрлі халықаралық деңгейдегі жарыстарда өздерін жақсы таныта білді. Сондықтан енді үш жылдан соң әлемнің күшті штангашыларын күтеміз», — деді Қ. Тұрлыханов.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера