Ауыр атлеттердің Олимпиададағы жетістіктері Қазақстанда спорттың бұл түрін әбден танымал етіп отыр -жаттықтырушы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр атлеттердің Олимпиададағы жетістіктері Қазақстанда спорттың бұл түрін әбден танымал етіп отыр -жаттықтырушы

Ауыр атлеттердің Олимпиададағы жетістіктері Қазақстанда спорттың бұл түрін әбден танымал етіп отыр -жаттықтырушы

Лондондағы Олимпиада ойындарынан кейін көптеген ата -ана балаларын ауыр атлетика секцияларына беруге ынта білдіріп отыр, деп мәлімдеді Қазақстан құрама командасының спорттың осы түрі бойынша бас жаттықтырушысы Алексей Ни.

  • 13 Тамыз 2012
  • 848
Фото - Caravan.kz

«Мен Лондоннан келген бойда маған федерациядан телефон соқты, ата-аналар телефонға тыным бермей жатқан көрінеді, Алматыда ондай секцияларға қайда баруға болады , ауыр атлетикаға балаларды қайда апаруға болады деп сұрап жатыр екен, ондай жағдай бұрын ешқашан болмаған», деді А.Ни дүйсенбіде Алматыда баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұрын ауыр атлетикаға спорттың басқа түрлері бойынша жеңіске жете алмаған балалар келген көрінеді.
«Бұрын біз секцияға бокс, күрес, футбол сияқты спорт түрлеріне өте алмаған балаларды алатынбыз», деді А.Ни.
Оның пікірінше, Қазақстанның спорттың бұл түрі бойынша әлеуеті зор.
Республикада ауыр атлетиканы дамыту үшін жаңа спорт залдарын салып, жарақтандыру керек, деді ол.
«Ауыр атлетикаға аса көп ақша да керек емес. Облыста 10-12 орынға бір зал салып, 20 жылға жарамды штанга сатып алса болғаны», деді А.Ни.
Алдында хабарланғандай, қазақстандық құрама команда Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының нәтижесінде жеті алтын, бір күміс және бес қола медаль ұтып алды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера