Әйтседе қазіргі кезде 60 жастан асқан оның денсаулығы тіптен нашарлап кеткен. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. Бір кездері жүйенің кесірінен туындысына тиым салынған өнер иесінің халі нашарлап кеткенін әлеуметтік желіде көпшілік жазып жатыр.Солардың бірі Kurmanzhan Kasmzhan
Ол өз парақшасында режиссердің қазіргі халін былай жеткізіпті:
Тағдырлы режиссер Жандосов пен Берегавой көшелерінің қилысындағы ескі жатақхананың бір бөлмесінде күн кешіп жатыр екен. Бұл күндері жүріп-тұру мұңға айналған. Сондықтан да үй ішіндегі бүкіл қабырғаларға таяныш темір орнатып қойыпты. Жүректалмасымен қанқысымы қатар меңдеткелі 7 жылдан асыпты. Кешегідей емес амандық сұрар ағайынның да аяғы сиреген. Тек дəрінің көмегімен ұйықтамасам ол да жоқ дейді жүзі сынық режессор қалш-қалш етіп. Сондағысы тəулігіне 2-3 ақ сағат кірпік айқастыратын көрінеді. Жасы 60 тан асып, ауру меңдеткенде еш бір қамқоршысыз жалғыз тұратыны жанға батты.
Автордың жазуынша, танымал режисер еліне көп нәрсе жасай алмай кеткеніне өкінеді екен.
"Өмірде жолым бола бермеді əттең, көп дүние жасау ойда бар еді, маған жеке адамдар тараптан жасалған аярлықтармен қисынсыз қиянатты "Алла жар" ақиқаты деген кітапқа жазып жатырмын… бар шындық ашық айтылады, оқыңдар жандарым, құдайда осыны аяқтатсын деп күтіп жатқан шығар мені" — деді боталаған жанарын терезеге телмірте қадап тұрып, деп жазады Қ.Қасымжан.
Қазір тағдырлы фильм түсірген Қалдыбай Әбеновте дайын 10 сценрий бар көрінеді. Бірақ өмірі құсалықпен өткен режиссер олардың енді жарық көретініне күмәнмен қарайтын сияқты. Бірнеше жылдан бері дертке шалдыққан азаматты Мәскеуге апарып емдетуге болатын көрінеді. Бірақ оған қажетті қаржы табылмай отыр.Сол себепті қоғам белсенділері мен шығармашылық адамдары елден қол ұшын созуын сұрап отыр.